Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Бәйтерек ауданының Үлкен Шаған ауылдық округіндегі «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС Орал филиалының №35 өрт сөндіру-авариялық құтқару бөлімінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Іс-шара барысында бөлім қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.