ҚХП өкілдері Павлодар облысында «Транстелеком» ұжымымен кездесті

ҚХП өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды

ҚХП өкілдері Павлодар облысында «Транстелеком» ұжымымен кездесті
Фото: ҚХП

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Әлімбек Ағыбаев пен Евгений Миронов, Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Райхан Жақыпова мен ҚХП белсендісі Вячеслав Починок «Транстелеком» АҚ облыстық филиалының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания Қазақстандағы ірі байланыс операторлары мен жүйелік интеграторлардың бірі саналады. Оның негізгі қызмет бағыттарына телекоммуникация, цифрландыру, IT шешімдер, киберқауіпсіздік және түрлі салаларды автоматтандыру кіреді.

ҚХП өкілдері қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ашық әңгіме барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сала мамандарын қолдау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау мәселелері талқыланды.

Кәсіпорын қызметкерлері сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді және кандидаттарға алдағы жұмыста ескеру үшін ұсыныстары мен аманаттарын жеткізді