«Ақ жол» партиясы Маңғыстау тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерімен де бөлісті

«Ақ жол» партиясы Маңғыстау тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Түпқараған ауданына арнайы барып, жергілікті халыққа сайлауалды үгіт-насихат жұмысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпараттық түсіндіру тобы Форт-Шевченко қаласында, сондай-ақ, Қызылөзен, Аташ және Баутино ауылдары тұрғындарына партияның сайлауалды саяси бағдарламасын таныстырып, елдің саяси-экономикалық дамуына қатысты негізгі ұстанымдары мен басым бағыттарын түсіндірді.

Атап айтқанда, партия бағдарламасында тәуелсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғау, демократия мен парламентаризмді дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, отандық кәсіпкерлікті қолдау және нарықтық экономиканы дамыту секілді бағыттарға тоқталды.

Сондай-ақ, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерімен де бөлісті.