Кездесу барысында жергілікті халықтың өзекті мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды
«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері мен Құрылтай депутаттығына кандидат Александра Сергазинова Науырзым ауданында жұмыс сапарымен болып, тұрғындармен кездесіп, елді мекендерді аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында жергілікті халықтың өзекті мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды.
Шағын және орта бизнес әрқашан жергілікті жерлердегі, нақты өңірлердегі, қалалар мен ауылдардағы экономика мен халықтың сатып алу қабілетіне байланысты. Сондықтан «Ақ жол» демократиялық партиясы жұмысының маңызды бөлігі – өңірлерді дамыту, ең алдымен облыстар мен қалалар деңгейінде партияның жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракцияларын нығайту.