«Ауыл» партиясының төрағасы Түркістан облысының егіншілерімен жүздесті

Шаруалар егін егу мен оны жинау кезінде кездесетін мәселелерін айтып, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді

«Ауыл» партиясының төрағасы Түркістан облысының егіншілерімен жүздесті
Фото: видеодан скрин

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде егіншілермен жүздесіп, олардың күнделікті еңбегімен танысты. Кездесу егін даласында, шаруалардың түскі ас уақытында өтті. Қайрат Айтуғанов диқаншылармен бір дастархан басында отырып, ауыл шаруашылығындағы жұмыс барысы мен еңбек жағдайы туралы әңгімелесті,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шаруалар егін егу мен оны жинау кезінде кездесетін мәселелерін айтып, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әңгіме барысында ауылдағы еңбек адамын қолдау, шаруалардың жұмысын жеңілдету және аграрлық саланың тұрақты дамуына қажетті жағдайлар туралы сөз болды.

Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауылды дамыту, аграрлық саланы қолдау және еңбек адамдарының жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларға тоқталды.

Ресми жиын форматынан тыс өткен кездесуде шаруалар өз ойларын еркін жеткізіп, ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу барысында егіншілердің күнделікті еңбегі мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге назар аударылды.