«Ақ жол» мүшелері кәсіпкерлермен және банк секторы өкілдерімен кездесті

Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді

«Ақ жол» мүшелері кәсіпкерлермен және банк секторы өкілдерімен кездесті
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшелері «Sultan Palace» конференц залында кәсіпкерлермен және банк секторы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында отандық өнімді қолдау, қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сырттан келетін тауарларға тәуелділікті азайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті қаржыландыру, ипотекалық несие, несиеге қолжетімділік және банк секторы мен бизнестің өзара тиімді байланысын дамыту мәселелері қозғалды.

Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Партия өкілдері отандық кәсіпкерлікті қолдау мен ұлттық өндірісті дамыту «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.