Бурабай мен Көкшетау Respublica-ның ерекше сайлауалды науқанының бір бөлігіне айналды
ReBus қалалар мен курорттық аймақты музыкамен, DJ-мен, жастармен және тек Respublica-ға тән серпінді көңіл-күймен аралап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бөлектау, Жұмбақтас, Оқжетпес, Көкшетау шығанағы, Абылай хан алаңы - ел жақсы білетін көрікті жерлер бірнеше сағат бойы бір үлкен сапардың сәніне айналды. Жол бойы әуен ойнап, жастар әңгімелесіп, болып жатқан сәттерді телефонға түсіріп, күннің ерекше көңіл-күйін бірге бөлісті.
Бурабайдан кейін ReBus Көкшетауға жол тартты. Қаланың көшелерімен, жағалауымен жүріп, «Көкшетау» шолу алаңына дейін жетті. Қала басқа болғанымен, көңіл-күй сол күйі сақталды.
ReBus бір күн ғана жүріп өтті. Ал сол күннің көңіл-күйі біразға дейін сақталатын сияқты.