Синоптиктердің болжамы белгілі болды
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19-20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35°C, Қостанай облысында +20...+30°C болады.
Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасының +17...+22°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +18...+30°C-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37°C аралығында болады.
Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +28...+35°C болады.