Солтүстік пен батыста аптап басылады: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстік пен батыста күн салқындап, оңтүстікте аптап ыстық сақталады

Фото: © istockphoto.com

Қазақстан қалаларында 16 тамызда ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталық пен шығыста да жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ыстық болып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +37...+39°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.

Семейде көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +33...+37°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +37...+39°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.