15.08.2026, 18:12
Жаңалықтар
Шымкентте тұрғын үй мен шаруашылық құрылысы өртеніп кетті
Өрттің жалпы аумағы 275 шаршы метрді құрады
Фото: ТЖМ
Шымкент қаласы Абай ауданындағы Ынтымақ шағынауданында төтенше жағдай тіркелді. Ирисмат ата көшесінде орналасқан жер үй мен оған жапсарлас шаруашылық құрылыстың шатыры өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жетті. Құтқарушылардың кәсіби және жылдам әрекетінің арқасында жалынның маңайдағы басқа да құрылыстарға таралуына жол берілген жоқ.
Өрттің жалпы аумағы 275 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді, қазіргі уақытта мамандар оның шығу себептерін анықтап жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
