15.08.2026, 14:39
Жаңалықтар
Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімді жылан шағып, ауруханаға түсті
Оқиға қаладағы «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымы аумағында болған
Фото: © istockphoto.com
Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімді жылан шағып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға қаладағы «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымы аумағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жылан жасөспірімнің табанынан шаққан. Жақындары бірден жедел жәрдем шақырып, ол аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Алдын ала болжам бойынша, жасөспірімді қара шұбар жылан шағуы мүмкін. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.
Зертханалық тексеру нәтижелерінен кейін дәрігерлер жасөспірімге жылан уына қарсы сарысу енгізді. Қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды