14.08.2026, 13:31
Жаңалықтар
Ақсуда әйел адам бірқабатты дүкеннің шатырынан секіріп өлемін деп жұртты әбігерге салды
Әйел адамды құтқарушылар шатырдан түсіріп алды
Фото: irbistv.kz
Павлодар облысының Ақсу қаласында әйел адам бірқабатты дүкеннің шатырынан секіріп өлемін деп айналасындағы жұртты әбігерге салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы хабарлама 112 қызметінің пультіне келіп түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Әйелге көмек көрсету үшін мамандар үш секциялы баспалдақты пайдаланды. Олар шатырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз түрде төмен түсірді.
«Әйел одан әрі тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді