Байтақтықтар QazaqGaz Aimaq-тағы кездесуде экологиялық қауіпсіздік мәселесі пысықтады

Тараптар өндірістік нысандардың экологиялық жауапкершілігіне ерекше назар аударды

Байтақтықтар QazaqGaz Aimaq-тағы кездесуде экологиялық қауіпсіздік мәселесі пысықтады
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Назген Махамбетова QazaqGaz Aimaq кәсіпорны қызметкерлерімен кездесті. Жиын партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кандидат еңбек ұжымына партияның басты ұстанымы мен сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауа сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Тараптар өндірістік нысандардың экологиялық жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Бұл ретте заманауи технологияларды енгізу, энергия тиімділігін көтеру, қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені төмендету секілді сұрақтар айтылды.

Ашық форматта өткен шараға қатысушылар пікір алмасты. Еңбеккерлер партия өкілдеріне өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынды қорытындылай келе Назген Махамбетова пікірін ашық айтқан кәсіпорын өкілдеріне алғыс айтып, экологиялық түйткілді шешуде қоғам, мемлекет және бизнес бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.