Жасылдар партиясы «Эколайф Астана» серіктестігі мүшелерімен кездесті

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті

Жасылдар партиясы «Эколайф Астана» серіктестігі мүшелерімен кездесті
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алтай Ордабеков үгіт-насихат жұмысы аясында «Эколайф Астана» серіктестігіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынға кәсіпорын жұмысшыларымен қоса партияның белсенді мүшесі, экоактивист, «13кордон» арнасының негізін қалаушы Сергей Ефремов те қатысты.

Компания медициналық қалдықтарды жинау, сұрыптау, залалсыздандыру және кәдеге жарату жұмыстарымен айналысады. Бұл бағыт адам денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Кездесуде «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, тараптар экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Компания қызметкерлері медициналық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және осы саладағы заңнаманы жаңарту қажетін көтерді.

Алтай Ордабеков сала мамандарының тәжірибесі мен ұсыныстары тиімді экологиялық саясат қалыптастыру үшін маңызды екенін атап өтті. Айтуынша, заңнаманы жетілдіру нақты өмірдегі мәселелер мен практикалық тәжірибеге сүйенуі қажет.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы нақты шешімдерді бірлесіп іздеудің маңызын атап өтті.