ІІМ оқу орындарына түсу үшін 50 балл жеткілікті ме: министрлік түсініктеме берді

Ведомство мәлімтеніше, 50 балл – тек конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек

ІІМ оқу орындарына түсу үшін 50 балл жеткілікті ме: министрлік түсініктеме берді
Фото: ІІМ

ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау керек. Алайда бұл талапкер автоматты түрде студент атанады деген сөз емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі оқу орындарына қабылдау тәртібіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қабылдау конкурс арқылы жүргізіледі. Сондықтан ҰБТ нәтижесімен қатар талапкердің медициналық, дене дайындығы және психофизиологиялық іріктеу нәтижелері де ескеріледі.

Яғни 50 балл – тек конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек. Одан кейін талапкер барлық іріктеу кезеңінен өтіп, конкурс барысында жеткілікті нәтиже көрсетуі керек.

Сондықтан ІІМ оқу орнына түскісі келетін талапкерлер үшін 50 баллмен шектелмей, ҰБТ-дан мүмкіндігінше жоғары балл жинау маңызды.