Роналду шашын сарыға бояп, «Аль-Наср» клубындағы жұмысын бастады
Ол алғаш рет шашын сары түске бояп тұр
«Аль-Наср» клубының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа келбетімен бөлісті. Суреттен футболшының шашын қызыл сары түске бояп, сырт келбетін жаңартқанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15 тамыз күні «Аль-Наср» Сауд Арабиясы Про-лигасының жаңа маусымын «Аль-Фатехке» қарсы ойынмен бастайды. Еске сала кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша Эр-Рияд ұжымы ел чемпионы атанған болатын.
Криштиану Роналду «Аль-Наср» мен Португалия құрамасы сапында барлық турнирде 42 кездесуге қатысып, 36 гол соқты.
Футболшының клубпен еңбек шарты 2027 жылдың жазына дейін қарастырылған.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Португалия жұлдызының қазіргі трансферлік құны 10 миллион еуроны құрайды.