Сонымен қатар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселесі сөз болды
«Ауыл» партиясының өкілдері Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесулерде ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселесі сөз болды. Аудан тұрғындары өз ұсыныстарын айтып, партия өкілдерімен пікір алмасты.
«Ауыл» партиясының мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарымен кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.