Қоғамдық көлікте барлығы 27 жолаушы болған
Қонаев қаласының солтүстік жағалауында жолаушылар автобусы лайға батып, бөгеліп қалған. Оқиға «Лазурный берег» демалыс орнының маңында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автобуста барлығы 27 жолаушы болған. Оның 18-і – балалар.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жіберілді. Мамандар автобусты лайдан шығарып, көліктің әрі қарай жүруіне мүмкіндік жасады.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.