Апат болған жерде өрт шықты
Техас штатында AH-64 Apache әскери тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тікұшақ Саладо қаласының маңында, өзі тіркелген Форт-Худ әскери базасына жақын жерде құлаған. Елді мекендегі ғимараттар мен азаматтар зардап шеккен жоқ. Шамамен 40 гектар аумаққа жайылған өртке байланысты билік өкілдері жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.
CNN хабарлауынша, тікұшақтың құлау себептері мен экипаждың бағыты әлі нақтыланған жоқ.
База командирінің міндетін атқарушы бригада генералы Итан Дайвен қазіргі уақытта басты басымдық – апат аймағын оқшаулау және салдарды жоюға қолдау көрсету болып табылатынын мәлімдеді.
AH-64 Apache – екі адамнан тұратын экипажы бар, төрт қалақшалы әскери тікұшақ. Ол 16 Hellfire зымыранын, 76 басқарылмайтын авиациялық зымыранды және 30 мм-лік автоматты замбарағына арналған 1200 снарядты тасымалдауға қауқарлы. АҚШ бұл түрдегі тікұшақтарды 1984 жылдан бері қолданып келеді.