Қазақстанның жасыл болашағы энергетикадағы өзгерістерден басталады – «Байтақ» партиясы

Энергетика – тек жарық пен инфрақұрылым мәселесі емес

Қазақстанның жасыл болашағы энергетикадағы өзгерістерден басталады – «Байтақ» партиясы
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алма Қараш KEGOC ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде энергетика саласының елдің экономикалық тұрақтылығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы сөз болды. Кандидаттың айтуынша, Қазақстан технологиялық дамумен қатар табиғатты қорғауды да алып жүруі керек.

«Энергетика – тек жарық пен инфрақұрылым мәселесі емес. Бұл – елдің экономикалық тұрақтылығы, экологиялық қауіпсіздігі және келешек ұрпаққа қандай Қазақстан қалдыратынымыз туралы мәселе», - деді Алма Қараш.

Оның пікірінше, энергетика саласын дамытуда кәсіби мамандардың тәжірибесі мен ұсыныстары маңызды. Ал нақты өзгеріс ұраннан емес, ашық диалог пен тиімді шешімдерден басталады.

Жиын барысында энергетика саласының мамандары өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.