12.08.2026, 10:56
Жаңалықтар
Қазақстан шекарасында 10 күнде 1 млрд теңгеден астам заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді
Қазақстан шекарасында заңсыз тасымалға қатысты 551 әрекет тоқтатылды
Фото: ҰҚК
Қазақстан шекарасында небәрі 10 күн ішінде 1 млрд теңгеден астам тауар мен жүкті заңсыз алып өтуге қатысты 551 әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.
«Жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 әрекетіне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісіне жол берілген жоқ. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды», – делінген ведомство хабарламасында.
ҰҚК мәліметіне сүйенсек, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді