12.08.2026, 09:44
Жаңалықтар
Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге барған ерлі-зайыпты тауда адасып кетті
Олардың жоғалғанын немерелері байқап, құтқарушыларға хабарлаған
Фото: видеодан скриншот
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тауға саңырауқұлақ теруге кеткен ерлі-зайыпты адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, олар күндіз Комиссаровка шатқалынан Үш тас тауына қарай бет алған. Кейін олармен байланыс үзілген. Олардың жоғалғанын немерелері байқап, құтқарушыларға хабарлаған.
Іздестіру жұмысы барысында ТЖМ қызметкерлері ерлі-зайыптыны Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым жердегі Қаратока кордоны маңынан тапты.
Ерлі-зайыптының жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге жеткізді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді