Қазақстан Халық партиясы Текеліде үгіт-насихат жүргізді

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Қазақстан Халық партиясы Текеліде үгіт-насихат жүргізді
Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Жетісу облысының Текелі қаласында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының мүшелері «Ақ-Алтын» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге сайлауалды штаб төрағасы Фариза Тымбаспаева, Текелі қалалық мәслихатының депутаты Рахым Керімбаев, партияның белсенді мүшелері Талғат Есенғабылов пен Наталья Шокарева қатысты.

Кездесу барысында жұмысшыларға Қазақстан Халық партиясының 19 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, еңбек жағдайлары және жалақы мөлшері талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.