«Ақ жол» партиясының төрағасы Екібастұзда коммуналдық және энергетика саласының мамандарымен кездесті

Екібастұзда энергетика және коммуналдық сала қызметкерлерінің мәселелері көтерілді

«Ақ жол» партиясының төрағасы Екібастұзда коммуналдық және энергетика саласының мамандарымен кездесті
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері қаланың коммуналдық және энергетика саласының мамандарымен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екібастұз қалалық су арнасы» мен «Қалалық электр желісі» ұжымдарымен өткен басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар, өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту, еңбек жағдайын жақсарту және білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Кәсіпорын жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Еркін пікіралмасу форматында өткен жиында партия өкілдері әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешу жолдарын түсіндіріп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруда қарапайым жұмысшылардың пікірін ескеру өте маңызды екенін атап өтті.