Әдепсіз ұсыныс жасаған: Бесағашта мас ер адам бойжеткенге тиіскен (ВИДЕО)

Желіде көпшіліктің ашу-ызасын тудырған кезекті бейнежазба тарады

Әдепсіз ұсыныс жасаған: Бесағашта мас ер адам бойжеткенге тиіскен (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Кадрлардан мас күйдегі ер адамның көшеде бара жатқан бойжеткеннің соңынан қалмай, әдепсіз әрі интимдік сипаттағы сөздер айтып, тиіскенін көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға куә болғандар ер адамның бұл ерсі әрекетін таспаға түсіріп алған. Видео авторының айтуынша, ер азаматтың ішімдікке мас екені бірден байқалады.

Ал күтпеген жағдайға тап болған бойжеткен өзін қорғансыз сезініп, бейтаныс жанның әдепсіз қылықтарына шыдауға мәжбүр болған.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен резонанс тудырды. Редакция оқиғаға байланысты мән-жайды анықтау мақсатында Алматы облыстық Полиция департаментіне арнайы сұрау жолдады. Полиция хабарлағандай, ер адамның жеке басы анықталып жатыр, қосымша ақпарат хабарланады.