$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2020, 11:58
Жаңалықтар

Алты облыста аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Бүгін бұл өңірлерде 38 градусқа дейін ыстық болады

Алты облыста аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

2 тамыз күні Қазақстанның алты облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында 31-36 градус аптап ыстық болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстік иен екпіні 15-18 м/с жел соғады. 34-36 градус аптап ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Оралда найзағай ойнайды, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Қостанай облысында 35-37 градус аптап ыстық күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қостанайда 36 градус аптап ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары