Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 92 мыңға жуықтап қалды
Өткен тәулікте 1226 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1226 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 557 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 91 593.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 11483 (+229)
Алматы қаласы - 12079 (+206)
Шымкент қаласы - 4949 (+54)
Ақмола облысы - 2700 (+59)
Ақтөбе облысы - 3056 (+11)
Алматы облысы - 4406 (+31)
Атырау облысы - 10318 (+31)
Шығыс Қазақстан облысы - 6508 (+135)
Жамбыл облысы - 3588 (+46)
Батыс Қазақстан облысы - 5860 (+71)
Қарағанды облысы - 8718 (+95)
Қостанай облысы - 2738 (+59)
Қызылорда облысы - 3019 (+35)
Маңғыстау облысы - 2928 (+21)
Павлодар облысы - 3262 (+53)
Солтүстік Қазақстан облысы - 3167 (+65)
Түркістан облысы - 2814 (+25)