«Күйеу жігіттің достары»: Өскеменде той кортежі жол ережесін өрескел бұзған

Автор: Асыл Арман

Олар өздеріне ғана емес өзгелерге де қауіп төндірді

Фото: Видеодан скрин

Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылында той кортежі жол қозғалысы ережелерін алты мәрте бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбада көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың терезеден бастары мен денелерін шығарып, мерекелік көңіл-күйде отырғандары көрінеді. Бұл әрекет олардың өздеріне ғана емес, жолдағы басқа да азаматтарға қауіп төндіреді. Сонымен қатар көліктердің бірінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.

«Анықталған құқық бұзушылықтардың барлығы бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бес құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі, тағы біреуі осы баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ПД хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады. Мерекелік көңіл-күйге беріліп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын естен шығаруға болмайды.