«Ауыл» партиясының штабында ТМД байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесу өтті
ТМД Байқаушылар миссиясы сайлауалды науқан барысына мониторинг жүргізіп, сайлау заңнамасының талаптары мен белгіленген рәсімдердің сақталуын бағалайды
Жиынға «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары, Республикалық сайлауалды штаб басшысының орынбасары Шахмардан Байманов, штаб мүшелері Ерлан Қарабалаев пен Қуаныш Үсенов қатысты. ТМД Байқаушылар миссиясы тарапынан штаб басшысы Евгений Козяк, сондай-ақ Олег Кулеба мен Наталья Проскурова болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқау жүргізу аясында ұйымдастырылды. Тараптар сайлауалды науқанның өту барысы, үгіт-насихат жұмыстары, сайлау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
ТМД Байқаушылар миссиясы сайлауалды науқан барысына мониторинг жүргізіп, сайлау заңнамасының талаптары мен белгіленген рәсімдердің сақталуын бағалайды. Сонымен қатар миссия өкілдері демократиялық сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуына да назар аударады.
Кездесу барысында қатысушылар сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар сайлауалды науқан кезінде ашық байланыс орнатудың және ақпарат алмасудың маңызын атап өтті.