11.08.2026, 14:38
Жаңалықтар
Павлодарда ер адам Ертіс өзеніне батып кетті
Іздеу жұмысына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот тартылды
Фото: irbistv.kz
Павлодардағы Ертіс өзенінде қайғылы жағдай болды. Ер адам орталық жағалау маңында суға түсіп, батып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы хабар Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 05:37-де түскен. Құтқарушылар дереу өзен аумағын тексеруге кірісті.
Іздеу жұмысына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот тартылды. Мамандар оқиға болған аумақта өзенді тексеріп жатыр.
«Іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар Ертіс өзенінің су айдынын тексеруді жалғастыруда.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді