09.08.2026, 08:47
Жаңалықтар
ҚХП өкілдері Астанада балалар мен ересектерге арнап ашық веложаттығу өткізді
Жаттығуға қатысушыларға велосипедті сенімді әрі қауіпсіз жүргізудің негізгі дағдылары үйретілді
Фото: ҚХП/Видеодан скрин
Қазақстан Халық партиясының мүшелері Астанада балалар мен ересектерге арналған ашық веложаттығу ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаттығуға қатысушыларға велосипедті сенімді әрі қауіпсіз жүргізудің негізгі дағдылары үйретілді.
Жаттығуды Астана қаласы велоспорт федерациясының кәсіби жаттықтырушылары өткізді. Ұйымдастырушылар қатысушыларды велосипедтермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Осылайша жеке велосипеді жоқ тұрғындар да жаттығуға қатыса алған.
Іс-шара барысында бұқаралық спорттың қолжетімді болуы және тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау мәселелері сөз болды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды