ҚХП өкілдері Тереңкөл ауданында дәрігерлермен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесуде медицина қызметкерлерін толғандыратын еңбек жағдайы талқыланды

Фото: ҚХП

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Әлімбек Ағибаев пен Евгений Миронов Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Орталық аудандық ауруханасы ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде медицина қызметкерлерін толғандыратын еңбек жағдайы, жұмыс жүктемесі және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі туралы сөз болды. Дәрігерлер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ кандидаттар Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Ауыл медицинасының мәселелері мен оларды шешу жолдары жайында ашық әрі мазмұнды әңгіме өрбіді.