Жетібай кентінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай кенті тұрғындарына «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды саяси бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпараттық топ өкілдері әсіресе, халықты алаңдататын маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотекалық несиеге қолжетімділік мәселелеріне ерекше тоқталды.
«Халықпен ашық диалог – сайлауалды жұмыстың маңызды бағыты. Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасау, ипотекалық несие мәселесін жеңілдету және азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстары бар екенін түсіндірдік», – дейді штаб мүшесі Ғазиза Бақтиярқызы.