Лионель Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)

Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы науқастанып, 7 тамыз күні 69 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Лионель Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)
Фото: Instagram/clarincom

Аргентинаның Росарио қаласында 9 тамыз күні Лионель Мессидің әкесі Хорхе Мессиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Марқұмды жерлеу рәсіміне оның туған-туыстары мен отбасының жақын достары ғана қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аргентинаның Clarin басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы науқастанып, 7 тамызда 69 жасқа қараған шағында дүниеден өткен.

Аргентина құрамасының капитаны әрі АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әкесімен қоштасу үшін туған қаласына арнайы келген.

Қоштасу рәсімі Эль-Прадо зиратында өтті. Оған марқұмның ең жақын туыстары мен отбасының достары ғана қатысты.

Хорхе Мессидің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпараттар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезінде-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тараған еді.