Қолхаттағы талаптар орындалмаған жағдайда 13 255 теңге айыппұл салынады
Енді коронавирус жұқтырып, үй карантинінде жатқан науқастардан қолхат алынады. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Үй карантинін сақтау шарттарын орындау туралы қолхат бар. Қолхаттың қосымша жобасында елдімекен, туған жылы мен мекенжайы, төлқұжаты, ЖСҚ сынды мәліметтер болады. Үй карантинін бұзған жағдайда науқас карантин стационарына жатқызылады», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, сынама тапсырған азамат құжатқа қол қойып, талаптарды сақтайды. Ал қолхаттағы талаптар орындалмаған жағдайда 5 АЕК (13 255 теңге) көлемінде айыппұл салынады.