Кандидат сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды
Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Алмаз Джакишев Петропавлдағы «Мархабат» түзету балабақшасына барып, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараптар инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруді қолдау және олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау мәселесін талқылады.
Кездесуде қоршаған ортаның жай-күйі балалар денсаулығына қалай әсер ететіндігі айтылды. Ауа мен судың ластануы, экологиялық ахуалдың нашарлауы сөз болды. Сондықтан экологиялық қауіпсіздікті күшейту, елді мекендерді көгалдандыру және табиғатты қорғау шараларын жүйелі түрде жүзеге асырудың зор.
Партия өкілдерінің пікірінше, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау – сапалы медициналық қызметпен қатар, таза қоршаған ортаны қалыптастырумен тығыз байланысты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, балабақша ұжымы өз ұсыныстары мен пікірін ортаға салды.