ЖСДП кандидаты Тараздағы ұстаздардың сауалдарына жауап берді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесуде білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды

Фото: видеодан скриншот

Құрылтай депутаттығына ЖСДП атынан кандидат Еркін Әбдиев Тараз қаласындағы №69 орта мектептің ұжымымен ашық пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиын барысында ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылып, әлеуметтік саясат, білім беру саласын дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды.

Мектеп мұғалімдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Кандидат ұстаздардың сауалдарына жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.