Павлодарлық жастар кандидатқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдегі жастардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелерді жеткізді
Павлодарда Құрылтай депутаттығына ЖСДП атынан кандидат Роза Жүсіпова жастармен кездесті. Жиынға студенттер, жас мамандар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында жастар сапалы білімнің қолжетімділігі, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту және өңірдегі жастар саясатына қатысты мәселелерді ортаға салды.
Қатысушылар жас мамандардың өз мамандығы бойынша жұмыс табуы, жастар бастамаларына жергілікті деңгейде қолдау көрсету және жастардың қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныстарын айтты.
Павлодарлық жастар кандидатқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдегі жастардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелерді жеткізді.
«Жастар – біздің саясатымыздың болашағы ғана емес, оның бүгіні. Сондықтан есептерді емес, шынайы пікірлерді – жастардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін тыңдау маңызды. Олардың бастамалары біз қабылдайтын шешімдерге тікелей ықпал етуі тиіс», – деді Роза Жүсіпова.