8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Астанада «Рубеж» бекетінен №128 көшесіне дейінгі Қорғалжын тасжолының учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жөндеу жұмыстары кезінде жолдың бір жағы уақытша жабылып, көліктер екі бағытта да екінші жолақ арқылы қатынайды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады. Елорда әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге кептелістің алдын алу мақсатында маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.