07.08.2026, 22:30
Жаңалықтар
«Ауыл жастары» қоғамдық көліктерде ұлттық әндерді насихаттады
Көңілді әншашу «Ауылым – әнім» музыкалық акциясы аясында өтті
Фото: видеодан скриншот
Ұлытау облысында «Ауыл» партиясының өңірлік штабы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ауылым – әнім» музыкалық акциясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Акция барысында қоғамдық көліктерде ұлттық әндер шырқалып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ауыл мәдениетін насихаттау.
Музыкалық акция барысында тұрғындар қазақ әндерін бірге орындап, бастамаға қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеуге және туған жерге деген құрметті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)