Сондай-ақ партиясының сайлауалды стратегиясының негізгі бағыттары таныстырылды
Үгіт-насихат жұмысы аясында Құрылтай депутаттығына үміткер Нариман Баубек «Астана орманы» кәсіпорны қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. Шарада көгалдандыру мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Басқосу еркін форматта өтті. Жұмысшылар өздерін алаңдатқан түйткілді ашық айтып, түрлі сұрақ қойды. Атап айтқанда, мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік статусы, еңбек жағдайы, жалақы деңгейі, коррупция және басқалар.