Байтақтықтар мектеп ұжымымен кездесті
Экологиялық мәдениет мектептен басталады
Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматыдағы №81 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері талқыланды. Сондай-ақбалалардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыру, мектеп аумағын көгалдандыру, ұстаздар мен оқушылардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуы сөз болды.
Партия өкілдерінің айтуынша, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан білім беру ұйымдары қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оған 25 адам қатысты.