07.08.2026, 10:57
Жаңалықтар
Шешенстан басшысы қызметіне Рамзан Қадыров кандидат ретінде тіркелді
Оны «Единая Россия» партиясы ұсынған
Фото: Шешен Республикасы басшысының баспасөз қызметі
Шешенстан Республикасының қазіргі басшысы Рамзан Қадыров өңір басшысын сайлауға кандидат ретінде ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы республикалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Шешенстан Республикасының Сайлау комиссиясы Рамзан Ахматұлы Қадыровты Шешенстан Республикасының басшысы лауазымына кандидат ретінде тіркеді. Оның кандидатурасын «Единая Россия» партиясының Шешенстан өңірлік бөлімшесі ұсынды», – делінген хабарламада.
Рамзан Қадыров Шешенстанды 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап басқарып келеді. Ал 2007 жылдың 5 сәуірінен ресми түрде республика президенті қызметіне кірісті. Кейін бұл лауазымның атауы «Шешенстан Республикасының басшысы» болып өзгертілді.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды