Атырауда полиция қызметкері өртке оранған үйден адамдарды аман алып шықты (ВИДЕО)

Тұрғын үйлердің бірінің ауласында электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанып, өрт шыққан

Атырауда полиция қызметкері өртке оранған үйден адамдарды аман алып шықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырауда полицей шұғыл әрекет етіп,өртке оранған үйден тұрғындарды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау қаласындағы М. Өтемісұлы көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанып, өрт шыққан. Сол сәтте көшеден өтіп бара жатқан Атырау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Максим Доскалиев қауіпті жағдайды байқап, бірден тұрғын үйге кіріп, адамдарды сыртқа шығарды.

Осылайша полиция қызметкерінің қырағылығы мен дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып, ықтимал қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Сонымен қатар Максим Доскалиев бірден өрт сөндіру қызметін шақырып, мамандар оқиға орнына жеткенше тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адамдарды қауіпті аумақтан алыс ұстады.