Ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырауда полицейлер тыйым салынған аумақта суға түспек болған мас тұрғынды тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция басқармасы мәлім еткендей, оқиға 27 шілде күні сағат 13:15 шамасында Смағұлов пен Атамбаев көшелері маңындағы жағалауда болған. Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары суға бет алған азаматты байқап, ақпаратты жақын маңдағы полиция жасағына жолдаған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 1985 жылы туған ер адамды тоқтатып, оның жеке басын анықтау және медициналық куәландыру үшін облыстық наркологиялық орталыққа жеткізген. Полиция мәліметінше, азамат қоғамдық орында мас күйінде жүргені және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.