Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Пашинян Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді

Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.

«Президент пен премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады. Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.