Дания Еспаева Таразда еңбек ұжымымен кездесіп, отандық өндірісті қолдау мәселесін талқылады

Партия өкілдері 500-ге жуық адам еңбек ететін отандық кәсіпорынның жұмыс процесімен танысты

Дания Еспаева Таразда еңбек ұжымымен кездесіп, отандық өндірісті қолдау мәселесін талқылады
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева мен депутаттыққа үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Тараз қаласындағы «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Партия өкілдері 500-ге жуық адам еңбек ететін, таза былғарыдан аяқ киім шығаратын ірі отандық кәсіпорынның жұмыс процесімен танысты. Кездесу барысында Дания Еспаева жеңіл өнеркәсіп пен жұмысшылар экономиканың негізгі тірегі екенін айтып, отандық өндірісті қолдау партияның басты назарында екенін жеткізді.

Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары – кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық саясатын жетілдіру және әлеуметтік әділеттілік мәселелері талқыланды. Өз кезегінде Бауыржан Найзақұлов 25 жылдық тарихы бар «Ақ жолдың» нақты өндіріс пен бизнесті қолдаушы партия екенін ерекше атап өтті. Кездесу соңында кәсіпорын жұмысшылары мемлекет, бизнес және еңбек ұжымының бірлескен әрекеті туралы тұщымды жауаптар алып, партия өкілдеріне ризашылығын білдірді.