Шеттен шыққан екіжүзді: Дональд Трамп Иран билігін сынға алды
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді
Америкалық көшбасшы өзінің жазбасында Иран Ислам Республикасымен келіссөздердің жаңа раунды өтетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Тегеран бір уақытта америкалық тараппен кездесулер өткізуге ұмтылып, бұны «жалына» сұрайды, сонымен бірге тек Оманмен ғана істес болып жатқанын айтып, қандай да бір келіссөздер фактісін көпшілік алдында жоққа шығарады.
«Иран басшылығы шектен шыққан екіжүзді», - деп жазды Трамп.
Сондай-ақ АҚШ президенті Тегеранның керісінше берген мәлімдемелеріне қарамастан, америкалық әскерилер Ормуз бұғазын толықтай бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Трамп Вашингтонның ядролық мәселені шешу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтып, «Иран ешқашан ядролық қаруға қол жеткізмейді» деп баса айтты.