«Байтақ» жасылдар партиясы спорт кешінінің ұжымымен кездесті
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру сөз болды
«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Сәуле Қамытбекова «Астана Арена» спорт кешенінің ұжымымен кездесті. Еңбеккерлермен жүздескен ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шарада экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды. Ашық диолог форматында өткен жүздесу кезінде қатысушылар өзін алаңдатқан сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.
Сәуле Қамытбекова табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау ісіне қоғам болып атсалысуымыз қажет»,- деді кандидат.
Тараптар экологиялық бастамаларды қолдау және халықпен ашық диалогты жалғастыру өте маңызды екенін атап өтті.