04.08.2026, 13:18
Жаңалықтар
Ресми статистика: Қазақстан халқының саны 20,5 млн-нан асты
Жыл басынан бері халық саны 90 767 адамға немесе 0,44%-ға артқан
Фото: istockphoto.com
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 20 590 589 адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл басынан бері республика халқының саны 90 767 адамға немесе 0,44%-ға артқан.
Қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13,1 миллион адамға жетіп, жалпы халықтың 64,1%-ын құрады. Ал ауылдық жерлерде 7,4 миллион адам немесе халықтың 35,9%-ы тұрады.
2026 жылдың алғашқы алты айында қала тұрғындарының саны 105 475 адамға (+0,81%) көбейсе, ауыл халқы 14 708 адамға (-0,2%) азайған.
Қазақстандағы ең көп адам тұратын өңірлер:
- Алматы қаласы – 2,3 миллион адам;
- Түркістан облысы – 2,1 миллион адам;
- Астана – 1,6 миллион адам;
- Алматы облысы – 1,6 миллион адам;
- Шымкент – 1,3 миллион адам.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды